АҚШ елшісі: Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз

0
420

Сондай-ақ ол Ресей Федерациясының қылғанына бұдан әрі шыдай алмайтындықтарын айтты.


АҚШ елшісі: Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз

ERNUR.KZ. Біз Ресейге салынған санкциялар салдары Қазақстанға әсер етпес үшін жұмыс істейтін боламыз, деді АҚШ елшісі Уильям Мозер баспасөз мәслихатында, деп жазады zakon.kz.

"Біз бұл санкцияларды Ресейді сабаға түсіріп, өзгеруі үшін қабылдадық деп айтқым келеді", - деді Уильям Мозер.

Сондай-ақ ол Ресей Федерациясының қылғанына бұдан әрі шыдай алмайтындықтарын айтты.

"Бұл мәселеге баса назар аудару керек, біздің сайлауымызға және мемлекеттік ақпаратқа араласу сияқты іс-әрекеттер болған. Мұндай әрекетке бұдан әрі біз шыдай алмаймыз. Бірақ Қазақстанға қатысты айтсақ, осы санкциялардың міндетті салдары Қазақстанға тимес үшін біз осында жұмыс істеп жатырмыз және одан әрі жұмыс істей береміз. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз", - деп сендірді елші.

16 сәуірде Джо Байден билікке келгелі АҚШ алғаш рет Ресейге қарсы жаңа санкциялар салғаны хабарланды. Бұл Америка президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинді жеке кездесуге шақырғаннан кейін екі күннен соң, кеше болды.

Ақ үйдің пікірінше, жаңа санкциялар, атап айтқанда, SolarWinds компаниясы бағдарламасын бұзудың, сондай-ақ АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласушылардың артында Ресей барлау қызметі тұр деген айыбымен байланысты жарияланды.

Енді Вашингтондағы Ресей елшілігінде жұмыс істейтін 10 дипломат АҚШ-тан кетуі керек. Америкалық тараптың пікірінше, олардың арасында ресейлік барлау қызметтерінің өкілдері де бар.