АҚШ көктемде Bereke банкіне салынған санкцияларды алып тастайды

0
610

Барлық қажетті құжаттар АҚШ-тың тиісті органдарына тапсырылды.


АҚШ көктемде Bereke банкіне салынған санкцияларды алып тастайды

ERNUR.KZ. Қазақстандық "Bereke bank" (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) банкке салынған санкция наурызда алынып тасталмақ, деп жазады tengrinews.kz.

""Bereke bank" наурызда АҚШ билігінің санкцияларды алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлайды. Банк Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) банкті санкциялардан шығару туралы АҚШ Конгресіне өтініш бергені туралы ақпарат алды", - делінген хабарламада.

Себебі, қаржы институты меншік иесін өзгертіп, енді акционері Қазақстан үкіметі болып табылатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі.

"Барлық қажетті құжаттар АҚШ-тың тиісті органдарына тапсырылды. Біздің болжауымызша, шешім наурызда қабылданады. Бұл банк валюталық операциялармен жұмыс істеуге қайта оралып, шетелдіктермен корреспонденттік қарым-қатынасты қалпына келтіре алады деген сөз", - делінген хабарламада.