АҚШ-та қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаев қайтыс болды

0
1 248

Қазақтың дарынды велошабандозы Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында қайтыс болды.


АҚШ-та қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаев қайтыс болды

ERNUR.KZ. Спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде ойнамақ болған, деп жазады zakon.kz.

Өкінішке қарай, жамбылдық велоспортшының арманы сол күйі орындалмай кетті. Туыстарының айтуынша, талантты спортшының өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.

Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанды.