АҚШ-тағы митинг кезінде Қазақстан азаматының қаза тапқаны рас па - ҚР СІМ жауабы

0
1 019

Қаза тапқан азамат туралы ақпарат қазақстандық мигранттардың Whatsapp чаттарында тараған.


АҚШ-тағы митинг кезінде Қазақстан азаматының қаза тапқаны рас па - ҚР СІМ жауабы

ERNUR.KZ. Кейбір әлеуметтік желілерде АҚШ-тағы жаппай наразылық акциялары кезінде бір қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпарат тарауда, деп жазады zakon.kz.


Бейресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы наразылық акцияларын тарату кезінде бір қазақстандық қаза тапқан көрінеді. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Нью-Йорктегі наразылық акцияларына тойтарыс берілгенде бір қазақстандық қаза тапқан. Бұл ақпарат қазақстандық мигранттардың Whatsapp чаттарында тарады, деп хабарлайды qaznews.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың расталмағанын хабарлады.

- Бізге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы митингтерде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - дейді ведомствадағылар.