Ақша төленеді: Вакцинаны әзірлеуші институт қазақстандықтарды ерікті болуға шақырды

0
646

Ерікті вакцинацияға жіберілмес бұрын екпеге қатысты қауіп-қатерден сақтандырудан өтеді.


Ақша төленеді: Вакцинаны әзірлеуші институт қазақстандықтарды ерікті болуға шақырды

ERNUR.KZ. Еліміздің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми зерттеу институты коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін еріктілер қажет екенін жариялады, деп жазады Stan.kz.

Еріктілер қажеттілігі жайлы институттың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Желідегі жазбаға сәйкес 18 жастан асқан қазақстандықтар вакцина сынағына қатыса алады.

"Алдымен иммуноферментті сараптама жасалады. Еегер сіздің ағзаңызда коронавирусқа қарсы антидене анықталса ғана ерікті бола аласыз. Вакцина бір немесе екі рет бұлшық етке салынады", - дейді институ өкілдері.

Вакцинаны сынақтан өткізушілердің айтуынша, зерттеудің басты мақсаты екпенің адам өміріне қауіпсіз екенін анықтау. Бұған қоса ерікті вакцинацияға жіберілмес бұрын екпеге қатысты қауіп-қатерден сақтандырудан өтеді.

Институт ерікті болғандарға ақша төленетінін айтады. Десек те нақты қанша екенін әзірге белгісіз.