Ақсуат ауданында асфальт зауыты өртенді – Абай облысы

0
796

Өрттен 10 тонна битум жанып кеткен.


Ақсуат ауданында асфальт зауыты өртенді – Абай облысы

ERNUR.KZ. Абай облысындағы асфальт зауытында өрт шықты, деп жазады baq.kz.

Өрттен 10 тонна битум жанып кеткен.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында орналасқан асфальт зауытында өрт шыққаны жайлы ақпар түсті.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен.

Құтқарушылар сол жерге келгенде зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатты. Отпен күрескен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ, - делінген мәліметте.

Өрттің неден шыққаны әзірге анықталмаған. Тексеру жұмыстары басталды.