Ақсуда анасын балағаттаған әйел үш күнге қамауға алынды

0
1 892

37 жастағы әйел анасына тіл тигізіп, психологиялық және моральдық азап келтірген.


Ақсуда анасын балағаттаған әйел үш күнге қамауға алынды

ERNUR.KZ. Анасының мазасын алған тұрғынға қатысты Әкімшілік кодекстің 73-бабы, 2-бөлігі бойынша 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылып, әкімшілік іс қозғалды, деп жазады Рavlodarnews.kz.

«Ақсу қаласы полициясына 60 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Әйел өзімен бірге тұратын 37 жастағы қызына қатысты шара қолдануды сұрады. Сағат 22:30-да мас күйдегі қызы жанжал шығарып, анасына тіл тигізіп, психологиялық және моральдық азап келтірген. Аталмыш фактіге қатысты материал сотқа жіберілді», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сол күні әйел адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Ал есін жиған кезде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор осындай жағдайдың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізген.

Материал сотта қаралып, жас әйелге үш тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды және алкогольдік ішімдік пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ апта сайын профилактикалық әңгімелесу үшін учаскелік полиция инспекторына белгі қоятын болды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет