Ақсуда автокөлік толығымен жанып кетті

0
234

Өрт сөндіруге «102» қызметі жұмылдырылды7


Ақсуда автокөлік толығымен жанып кетті

ERNUR.KZ. Өрттің шығу себебі мен салдары анықталуда, деп жазады Azattyq Ruhy.


Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 20 ақпанда сағат 00-09-да Қамзин көшесінде ашық аумақта 2004 жылы шыққан «ВАЗ-21103» маркалы автокөлік толығымен жанып кетті.

«Өрт шалған аумақ бес шаршы метрді құрады. Сағат 00-22-де оқшауланып, сағат 00-32-де толығымен жойылды», – дейді департаментте.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ден бір техника мен алты қызметкер, «102» қызметі жұмылдырылды.