Ақтау әуежайына бара жатқан көлік түйе қағып кетті – екі адам ауруханаға түсті

0
1 426

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.


Ақтау әуежайына бара жатқан көлік түйе қағып кетті – екі адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Ақтауда түйені қағып өлтірген Infinity көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 14 маусымда таңғы сағат 09:20-да болған. Ақтау әуежайына баратын жолда Infinity түйені қағып өлтірген.
Көлікте болған екі адам зардап шекті. Оларды облыстық ауруханаға жеткізді.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Осы бапта 40 айлық есептiк көрсеткiш (138 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе тоғыз айға дейін көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.