Ақтау-Кендірлі тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

0
1 487

Toyota Land Cruiser жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.


Ақтау-Кендірлі тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. Ақтау-Кендірлі тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан бірнеше адам қаза тапты. Бірақ әзірше нақты қанша адамның зардап шеккені және қаза тапқаны жайлы мәлімет жоқ. Жол апаты 26 тамызда Ақтаудан 161 шақырым жерде болған.

Полицейлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан жол апатына ұшыраған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.