Ақтау мен Тараздағы арнайы операция: ҰҚК 5 адамды ұстады

0
322

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі "Калашников" автоматы және 100 оқ-дәрі тәркіленді.


Ақтау мен Тараздағы арнайы операция: ҰҚК 5 адамды ұстады

ERNUR.KZ. Ақтау және Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді, деп жазады tengrinews.kz.

2023 жылғы 10-12 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері "А" арнайы мақсаттағы қызметінің күштік қамтамасыз етуімен Ақтау және Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізгені айтылды.

"Қылмысты жасады деген күдікпен республикамыздың бес тұрғыны ұсталып, оның екеуі тергеу оқшаулағышына қамалды. ҰҚК қызметкерлері ұзақ уақыттық зерделеу барысында ату қаруы мен оқ-дәріні әкелу және сату жолдарын құжаттап алған. Соталды тергеу фигуранттары құпиялық шараларын қатаң сақтап келген және саудалау барысында әртүрлі амалдарды қолданған", - делінген хабарламада.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі "Калашников" автоматы және 100 оқ-дәрі тәркіленді.