Ақтау тіс емханасындағы дау: дәрігер қамалды

0
1 229

Ол өзін бас бостандығынан айырмауды және жазасын айыппұл төлеу арқылы өтеуді сұраған.


Ақтау тіс емханасындағы дау: дәрігер қамалды

ERNUR.KZ. Ақтауда баланы жұлқылаған тіс дәрігері қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Медициналық сараптама нәтижесінде баланың денсаулығына жеңіл жарақат келгенін анықталған. 5 қарашада дәрігерге бұлтартпау шарасы тағайындалды.

"Дәрігер өз кінәсін мойындады, біз оның әрекеттеріне қатысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескердік. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабына сәйкес - үш тәулікке қамау шешімі шығарылды. Ол бостандығын шектемеуге және тек айыппұл салуды сұрады", - деді Ақтау қалалық әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов.

Оның айтуынша, дәрігерге айыппұл салуға келмейді екен, өйткені зардап шегушінің мүгедектігіне байланысты екен.

Еске салайық, әлеуметтік желіде видео тарап, онда тіс дәрігері баланы жұлқылағаны түсіп қалған еді. Кейінірек тіс дәрігері өз әрекетін түсіндіріп, қазақстандықтарынан және баланың туыстарынан кешірім сұрады.