Ақтау жағажайында тұрғынды белгісіз ер адам нокаутқа түсірді

0
584

Куәгерлер видеоға түсірген оқиға Приморский ауылының маңындағы жағажайда болған.


Ақтау жағажайында тұрғынды белгісіз ер адам нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғыны белгісіз ер адамнан жұдырығымен соққы алғаннан кейін есінен танып қалды. Оқиға түсірілген видео таралып кеткен, деп жазады Stan.kz.

Куәгерлер видеоға түсірген оқиға Приморский ауылының маңындағы жағажайда болған. Ондағы азаматтардың қақтығысына не себеп болғандығы белгісіз. Бейнежазбаға қарағанда ер адамдар арасында түсініспеушілік орын алған. Содан кейін олардың бірі екіншісінің бетінен жұдырықпен ұрып жіберіп, құмға ес-түссіз құлатқан.