Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауды

0
768

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан бұршақтың диаметрі бір сантиметрден асатынын көруге болады.


Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауды

ERNUR.KZ. 6 мамырда кешке Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауып, осының салдарынан көліктер бұзылған, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан бұршақтың диаметрі бір сантиметрден асатынын көруге болады.

Кейбір жүргізушілерге қозғалысты тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ, кейбір жүргізушілер көліктері қалай бүлінгенін, әйнектері сынғанын, көліктің корпусын видеоға түсіріп алған.

6 мамырда Маңғыстау облысы аумағында күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстауда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.