Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жолаушылар отырған "Газель" аударылды (видео)

0
1 848

Автокөлік салонында 15 адам отырған.


Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жолаушылар отырған

ERNUR.KZ. 11 қыркүйекте Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан "Газель" аударылды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік салонында 15 адам отырған, көбі ауыр жарақат алған, оның ішінде сүйегі сынып, миы шайқалғандар бар. Бір адамның құлағы кесіліп қалған. Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, "Газельге" төрт адам отырған жеңіл автокөлік соқтығысқан. Барлығы да тірі.