Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады (фото, видео)

0
901

Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық "гүл алқабы" жасалған.


Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады (фото, видео)

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданды. "Отырғызылған" пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге, бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған "гүл алқабы" инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар "гүл алқабының" қолдан жалғанғанына, сондай-ақ, пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екеніне шағымданды.

Lada.kz тілішісі 24 қазанда пластикалық қызғалдақтарды суретке түсірген. Кейбіреулері бүлінген.

Кей жерлерде пластикалық қызғалдақтар құлап жатыр.

Құрастырылған жұмыстар мен электр бөлшектерінің бейнесі осылай көрінеді.

Суретте жасанды көгал қисық екені байқалады.

Қондырғының электр сымдары оқшауланбаған, көгалдың үстінде жатыр.

Еске салайық, Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық "гүл алқабы" жасалды. Әкімдікте безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты "Clover media group" ЖШС жүргізді, компаниямен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімге қол қойғаны хабарланды.