Ақтауда балалар шоуындағы екі әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды (видео)

0
1 725

​Ақтауда Жантурин атындағы театрдың ғимаратында әйелдер жанжал шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтауда балалар шоуындағы екі әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды (видео)

фото: sputniknews.kz

Ақтауда Жантурин атындағы театрдың ғимаратында әйелдер жанжал шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Әйелдер Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрдың көрермендер залында жаға жыртысқан, олардың төбелесі видеоға түсіп қалды.

Кадрда әйелдер бір-бірінің шашынан ұстап сілкілеп, балағат сөздер айтып жатқаны көрінеді.

Театр басшылығы жанжалға кішкентай баланың байқамай әйелдердің бірінің аяғын басып кетуі себеп болғанын айтты. Мекеме әкімшілігі драма театрда бұған дейін көрермендер арасында төбелес болмағанын мәлімдеді.

Басшылықтың айтуынша, тоғызыншы және оныншы наурызда үлкен зал Мәскеу балалар циркіне жалға берілген.