Ақтауда бүлдіршін қызға тиіспек болды деген айып тағылған күдікті ақталды (видео)

0
1 028

Тұрғындар қашып кетпек болған күдіктіні ұстап алып, тіпті, ұрып та жіберген.


Ақтауда бүлдіршін қызға тиіспек болды деген айып тағылған күдікті ақталды  (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда кәмелетке толмаған қыз баланы зорламақ болды деп күдіктелген ер адамға қатысты іс тоқтатылды. Себебі, полицияның қолында оны дәлелдейтін айғақ жеткіліксіз, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл оқиға былтырғы 29 шілде күні қаладағы 20 ықшамауданда болған еді. Шамамен сағат 13.00 шамасында ойнап жүрген кішкентай қызды сол жерді төңіректеп жүрген еркектің подъездердің біріне алып кіргенін көршілер байқап қалып, шу көтерген. Адамдар сол жерде полицияға хабар беріп, оны қашып кетпек болғанына қарамастан ұстап тұрып, тіпті, ұрып та жібереді. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 124 бабы бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Қазіргі күні аталған орган тарапынан мәлімдеме жасалды.


«Айғақтардың аз болуына және қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылды және әрі қарай қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру үшін проуратураға жолданды», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.