Ақтауда демалушылар суға тұншыққан қызды құтқарды

0
912

Демалыс базасының бірінде ата-анасы қыздарын қараусыз қалдырған, осы кезде қыз бала суға түскен.


Ақтауда демалушылар суға тұншыққан қызды құтқарды

ERNUR.KZ. Каспий жағалауында демалып жүрген екі ер адам суға тұншыққан қызды аман алып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 23 тамызда кешкі уақытта Ақтаудан сегіз шақырым жерде орналасқан демалыс базасының бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ата-анасы қыздарын қараусыз қалдырған, осы кезде қыз бала суға түскен. Балаға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оның денсаулығына еш қауіп жоқ.

"Бір ер адам қызды судан алып шықты, ол есінен танып қалған еді. Екіншісі дем бере бастады. Ол алғашқы көмек көрсетті, сосын жедел жәрдем келді. Жалпы, барлығы қолдан келгенше көмектесуге тырысты, барлығы да жарады", - дейді оқиға куәгері.

.