Ақтауда ер адам балалардың көзінше әйелін тепкінің астына алды

0
174

Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады.


Ақтауда ер адам балалардың көзінше әйелін тепкінің астына алды

ERNUR.KZ. Ер адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады. Олардың жанында екі кішкентай бала бар. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін әйелді босатып, есікті ашып, жан-жағын барлайды. Сөйтіп ойға алғанын жалғастырмақ болады.

Видеода ерлі-зайыптылардың жанынан тұрғындардың бірі өтеді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі.

Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді. Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасағаны туралы хабарлаған едік. Болған оқиға туралы жәбірленушінің бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Жазба авторының айтуынша, ер адам оның әпкесін қуып жетіп, пәтеріне кіріп, қатты соққыға жыққан.