Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін ұрып өлтірді

0
830

Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін өлгенше соққыға жықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтау тұрғыны әйелімен бірге тұратын ер адамды қызғаныштан ұрып-соғып, ұялы телефонын ұрлап кетті. Аталған дерек бойынша үкімді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Іс материалдары бойынша, қызғаншақ күйеу 2021 жылы жаңа жыл мерекесі қарсаңында кешке әйелімен бірге тұратын ер адамның пәтеріне барып, оны құлатып, өлгенше соққыға жыққан.

Кейін жәбірленушінің 20 мың теңге тұратын Nokia ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) және ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.