Ақтауда ер адам өзінің үш баласын өлтірді деген күдікке ілінді

0
1 522

Ақтауда пәтерден үш баланың денесі табылды.


Ақтауда ер адам өзінің үш баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Ақтау қаласы 27 шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдердің денесі табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған үш баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.