Ақтауда инкассатор көлігі өртенді

0
506

Зардап шеккендер жоқ.


Ақтауда инкассатор көлігі өртенді

ERNUR.KZ. Қызметтік автокөлік Ақтаудағы 9 шағын ауданда орналасқан "Halyk Bank" ғимаратының автотұрағында тұтанды, деп жазады inbusiness.kz.

Сырты брондалған "Газель" маркалы инкассатор көлігі бүгін, таңғы сағат 7:22-де қызыл жалынға оранған. Өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жалынды ауыздықтауға бір техника мен мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 7 адамы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.