Ақтауда қатты желден көліктер қирап, көпқабатты үйдің қасбеті құлады

0
572

Төтенше жағдайлар департаменті кей жерлерде жел секундына 30 метрге дейін күшейетінін ескертті.


Ақтауда қатты желден көліктер қирап, көпқабатты үйдің қасбеті құлады

ERNUR.KZ. Ақтауда қатты жел салдарынан бірнеше нысан құлап көліктерді басып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Ақтаудағы 26-шы аудан, 41-үйдің маңында кірпіш қоршау жақын жерде тұрған көлікке опырылып түскен. Куәгерлердің айтуынша, ескі құрылыс қатты желге төтеп бере алмаған.

Тағы бір келеңсіз оқиға 5-шағын аудандағы облыстық филармония ғимаратында болды.

Сондай-ақ, көпқабатты үйдің сылақтары төменде тұрған көліктің үстіне опырылып түскені туралы хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті кей жерлерде жел секундына 30 метрге дейін күшейетінін ескертті. Ведомство облыс тұрғындарына үйде болып, көліктерін ағаштар мен сенімсіз құрылыстардан алыс қоюға кеңес берді.