Ақтауда қоқыс контейнерінің жанында мәйіт табылды

0
1 038

Әйелдің жасы шамамен 50-55-те.


Ақтауда қоқыс контейнерінің жанында мәйіт табылды

ERNUR.KZ. Әйелдің мәйіті бүгін, 12 қазанда 15 шағын аудандағы №18 үйдің жанындағы қоқыс контейнерінің жанында табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған ақпарат бойынша, 12 қазанда сағат 08:46-да 103 диспетчер пультіне 15 шағынауданы 18 үй мекен-жайынынан қоңырау келіп түсті.

"Куәгерлердің айтуынша, қоқыс контейнерінің жанында әйел ессіз жатқан. Жедел медициналық көмек бригадасы шақыру орнына 08: 47-де шықты. Олар келген соң матрацтағы әйелдің мәйіті табылды. Әйелдің жасы шамамен 50-55-те. Өлімнің себебі белгісіз. Дәрігерлер биологиялық өлімді анықтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.