Ақтауда қос қабатты ғимарат өртке оранды

0
436

Зардап шеккендер жоқ.


Ақтауда қос қабатты ғимарат өртке оранды

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында қос қабатты ғимараттан өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«2 желтоқсан сағат 14:10-да Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығына 3-шағын аудандағы 69-ғимараттың артында өрт шығып жатыр деген хабарлама келіп түсті. 2-ші шақырту расталды. Өрт сөндіріліп жатыр. Шамамен жану аймағы – 350 шаршы метр», - деді Актау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев.

Өртті сөндіруге қазіргі таңда 5 техника мен 20 адам жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.