Ақтауда қыз алып қашқандардың әрекеті пранк болып шықты

0
962

Бастапқыда әлеуметтік желілерде видеоның қысқаша бөлігі ғана тарады.


Ақтауда қыз алып қашқандардың әрекеті пранк болып шықты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Ақтауда қыз алып қашқандардың видеосы тарап жатыр. Видео әзіл болып шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бастапқыда әлеуметтік желілерде видеоның қысқаша бөлігі ғана тарады. Онда бірнеше ер адам қызды көлікпен үйге алып келеді. Қыз жылап, автомобильден шығудан бас тартады. Артында көңілді музыка ойнап тұрады. Жағдай қазақтың "Қыз алып қашу" дәстүріне ұқсайды.




Алайда кейінірек видеоның толық нұсқасы жарияланды. Ол пранк болып шықты.



Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер 2021 жылдың 8 шілдесінде Ақтауда жастар пранк ұйымдастырғанын хабарлады.

"Пранк видеосының үзіндісі әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, халық арасында шу шығарды. Кейін толық видеодан бұл пранк екені белгілі болды. Пранк мүшелерінің барлығы дерлік полицияға жеткізіліп, түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлері олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қыз бен оның анасы шағым жазбады. Қыз олармен бұрыннан дос екенін айтты", - деп хабарлады құқық қорғау органдары өкілі.

Департаменттегілер пранк қатысушылары қазақстандықтардан кешірім сұраған кадрларды да жариялады.



Сонымен қатар, полицейлер жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпағанын атап өтті. Оларға әкімшілік хаттама жасалды.

"Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізуші сақтандыру полисінде тіркелмегені анықталды. Жүргізушіге қатысты 593-баптың 2-бөлігі "Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау" және ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі "Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабы "Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуы" бойынша хаттама жасалды", - деді ведомство өкілдері.