Ақтауда мойнына жіп байланған өлі аққу табылды

0
2 104

Аққуды жіппен қылқындырып өлтірген тәрізді.


Ақтауда мойнына жіп байланған өлі аққу табылды

ERNUR.KZ. Ақтау 1А шағын ауданындағы Жартас соқпағының басында теңіз жағасында өлген аққу табылды, деп жазады baq.kz.

Аққуды жіппен қылқындырып өлтірген тәрізді.

Lada.kz порталының ақпаратына сүйенсек, экологтар «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығына хабарласуға кеңес берген, бірақ байланыс телефоны ақпарат жарияланған кезде сөндірулі болған.

«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ. Бірақ қалалық әкімдік екі жыл бұрын үйсіз және жабайы жануарларға көмектесетін экологиялық орталықтың жобасын жүзеге асыруға екі гектар жер бөлуге уәде берген еді. 2021 жылы болар деп үміттенейік. Әзірге арнайы орталық жоқ, бірақ мейірімді адамдар бар - бұл «Нэнси» ветеринарлық клиникасының жетекшісі Анна Простетова. Ол ешқашан бас тартпайды және әрқашан мүмкіндігінше көмекке келеді. Оның арқасында құтқарылған ондаған жануар өз мекеніне оралды. Тағы бір жақсы жаңалық. Анна Анатольевна емдеген соң, аққу үйіріне аман-есен оралды. Енді қуанып жатыр едік, бүгін тағы бір аққу табылды. Мен адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте сұмдық жағдай, - дейді Кирилл Осин.