Ақтауда мүгедектерге арналған әткеншекті біреулер қиратып кетті

0
701

Облыстық мұражай жанына орнатылған ерекше әткеншектерді орнатқан соң араға апта салмай біреулердің қиратқаны белгілі болды.


Ақтауда мүгедектерге арналған әткеншекті біреулер қиратып кетті

ERNUR.KZ. Ақтауда орнатылған мүгедектер мен балаларға арналған әткеншектерді белгісіз біреулер қиратып кетті, деп жазады exk.kz.

Облыстық мұражай жанына орнатылған ерекше әткеншектерді орнатқан соң араға апта салмай біреулердің қиратқаны белгілі болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған бұл әткеншектерді жергілікті кәсіпкерлер өз қаржысына орнатып берген.

"Тербелгіштің қатты шынжырын әлдекімдер әдейі үзіп кеткен. Бүгін әткеншекті орнатқан кәсіпкер арнайы жұмыс орнында қайта қалпына келтіріп жатыр. Одан өзге, үлкен орталықтағы "Заманауи киіз үй" атты әсемдік кіші архитектуралық формаға да бұзақылар нұқсан келтіргені анықталды", — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

© Азамат СӘРСЕНБАЕВ

Бұған дейін теңіз жағалауында орнатылған әткеншектерге бірнеше бала мініп, оған қатысты тұрғындар шағым білдірген болатын. Ақтау әкімі бұған қатысты бір жауабында: "Орнатылған бір әткеншекке он бала отырады, әрине, одан кейін сындырады. Тіпті, балаларға әткеншек қойған соң оны үлкендер де тебеді. Осылай істейтіндерді түсінбеймін", деген болатын.

Әткеншектерді қиратқандардың қасақана істегені байқалады. Бірақ мұндай бұзақылыққа кімдер барғанын анықтау тіптен мүмкін болмай отыр.

Қаланың көрнекті жерлеріне қойылған дүниелерге жергілікті бюджеткен қомақты қаржы бөлінгені көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын.