Ақтауда өзге сыныптың оқушылары жасөспірімнен ақша бопсалаған: Полиция жаңа деректерді жариялады

0
590

Қазір төбелеске қатысқандардың барлығының жеке басы анықталған.


Ақтауда өзге сыныптың оқушылары жасөспірімнен ақша бопсалаған: Полиция жаңа деректерді жариялады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полицейлері мектеп әжетханасында жасөспірімді ұрып-соққандарға қатысты тергеудің мән-жайын айтты, деп жазады Stan.kz

Қазір төбелеске қатысқандардың барлығының жеке басы анықталған. Олар – қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған балалар.

Полиция мәліметінше, балалардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылып, жеткіншектер есепке алынады.

Есе салсақ, бұған дейін Ақтауда тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы ұлдарының мектеп әжетханасында соққыға жығылғанын айтты. Сөздерінше, басқа сынып оқушылары баладан ақша бопсалаған, ал бала бұдан бас тартқан уақытта олар жұдырықтың астына алған. Салдарынан жасөспірімнің миында гематома пайда болып, жақ сүйегі сынған.