Ақтауда салмағы 1,5 келі сәбиге күрделі ота жасалды

0
474

Сәбиге ота жасаған балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, бала аномалиямен – өңеші бітеліп туған.


Ақтауда салмағы 1,5 келі сәбиге күрделі ота жасалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өңешіне күрделі ота жасады, деп жазады mangystaumedia.kz.

Сәбиге ота жасаған балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, бала аномалиямен – өңеші бітеліп туған. Ота жасау үшін шақалақтың кеудесі кесілді. Операция бір жарым сағатқа созылды.
"Сәбидің салмағы – 1,5 килограмм. Салмағы аз баланың кеуде тұсын алғаш рет тілдік. Білікті мамандардың арқасында бала ұзақ отаны жақсы көтерді", - дейді Құрман Қайранов.
Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, сәби біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған, кейін үйіне шығарылған.
Толық сауығып кеткенше жаңа туған нәресте мамандардың бақылауында болады.