Ақтауда салынып жатқан үйдің қабаты опырылып түсті

0
983

Әлеуметтік желілерде салынып жатқан үйдің ішінде бүтін бір қабаттың опырылып түскені туралы видео тарады.


Ақтауда салынып жатқан үйдің қабаты опырылып түсті

ERNUR.KZ. Ақтауда салынып жатқан үйдің бір қабаты опырылып түсті, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желілерде салынып жатқан үйдің ішінде бүтін бір қабаттың опырылып түскені туралы видео тарады. Аталған жайтты видеоға түсіріп алған құрылысшы өзінің аман қалғанын айтқан. Айтуынша, үй плиталары құлаған кезде ол шығып үлгерген екен. Ер адам үйінді астында оның құжаттары мен заттары қалғанын айтады.



Құлаған тұрғын үй 29А шағын ауданында орналасқан. Ал оның мердігері - "Caspian Mega Construction" компаниясы.

Сапасыз материалдар пайдаланылған болуы мүмкін. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында бұзушылықтарға жол берген. Құлаған плитада жарықшақ болуы ықтимал, салдарынан ол опырылып түскен. Жоғарыда орналасқан плита салмағымен астындағы плиталардың опырылып түсуіне әсер еткен, - деп түсіндірді құрылыс-сәулеттік бақылау басқармасындағылар.