Ақтауда үй қызметшісі 4 миллион теңгеден аса ақша ұрлаған

0
825

соттың үкімімен әйел үш жылға шартты түрде сотталды.


Ақтауда үй қызметшісі 4 миллион теңгеден аса ақша ұрлаған

ERNUR.KZ. Ақтауда алаяқтықпен айналысқан үй қызметшісі жазаланды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, алаяқ әйел келтірген шығын 4 миллион теңгеден асады. Әйел адам үй қызметшісі болып жұмыс істей тұра, екі ай уақыт бойы үйдің иесін тонап келген.

"Сот клининг қызметін көрсеткен әйелдің үй иелері болмаған кезде ұрлық жасағанын анықтады. Бұл жағдай қазан және қараша айлары аралығында болған. Келтірілген шығын - 4 189 960 теңге", - деп хабарлады соттағылар.

Осылайша, соттың үкімімен әйел үш жылға шартты түрде сотталды.