Ақтауда үш күн бұрын жоғалған 10 жасар бала іздестіріліп жатыр

0
968

Ол 29 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.


Ақтауда үш күн бұрын жоғалған 10 жасар бала іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтауда 10 жастағы жеткіншек үш күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазады Inbusiness.kz.

10 жастағы Арыслан Самбаевты іздеу жұмысымен "Lider.kz" еріктілер қозғалысы мен полицейлер айналысып жатыр.

"Арыслан Самбаев 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: орта денелі, бойы 145-150 см, шашы қара, көзі қоңыр", делінген хабарламада.

Жоғалған бала туралы көрген-білгендер болса, +7(700)499-72-92, +7(775)390-91-85 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.