Ақтауда үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адам көз жұмды

0
1 496

Қаңтар айында 11 ықшам аудандағы №41 үйдің алтыншы қабатынан ер адамның үстіне диван құлап, ол сал болып қалған еді.


Ақтауда үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

2023 жылы мамыр айында кінәлі сол күйі табылмағаны белгілі болды. Ер адамның бақилық болған туралы марқұмның ағасы хабарлады.

Қаңтар айында 11 ықшам аудандағы №41 үйдің алтыншы қабатынан ер адамның үстіне диван құлап, ол сал болып қалған еді.

Ағасы інісінің бақилық болғанын 26 тамызда білгенін айтады. Сондай-ақ ол жатып қалуына байланысты ауруы асқынған бауырын қарап, емдеуге Қазақстанда бір де бір медицина қызметкері келіспегенін, сондықтан Германия мен Ресейдің мамандарына көмекке жүгінуге тура келгенін айтты.

Сондай-ақ, ол бұл трагедияға жауапты адамды қасақана бүркемелеп отыр деген пікірде.