Ақтауда жағажайдан адам қаңқалары табылды

0
1 036

Полиция департаменті аталған дерек бойынша сот сараптамасы тағайындалғанын хабарлады.


Ақтауда жағажайдан адам қаңқалары табылды

ERNUR.KZ. Адам қаңқасының қалдығы 8 шілдеде осыдан 4 күн бұрын суға кеткен ағайындыларды іздестіру кезінде табылған, деп жазады ktk.kz.

Куәгерлердің айтуынша, «Шора» каналы мен Tree of Life демалыс орнының ортасынан шыққан. МО Полиция департаменті аталған дерек бойынша сот сараптамасы тағайындалғанын хабарлады.Оның нәтижесі бойынша адамның кім екені және оның өлімінің себебі анықталатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бірнеше күн бойы екі ағайынды жігітті іздестіріп жатқаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша олар Шора су каналына батып кеткен.