Ақтауда жарылыс болды: Желіде фото мен видео тарады

0
1 209

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыс 7 қарашада сағат 21.20-да болған (астана уақыты бойынша сағат 22.20-де).


Ақтауда жарылыс болды: Желіде фото мен видео тарады

ERNUR.KZ. Ақтауда жарылыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыс 7 қарашада сағат 21.20-да болған (астана уақыты бойынша сағат 22.20-де).

ТЖМ мәліметінше, Ақтаудағы 29А шағынауданында екіқабатты "Аянат" мейрамханасында жарылыс болған. Жарылыс неден шыққаны белгісіз.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.