Ақтауда желдің салдарынан ғимараттың шатыры құлап, алты көлік зақымданды

0
388

16-21 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан "Ясин" балабақшасының 40 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кетті.


Ақтауда желдің салдарынан ғимараттың шатыры құлап, алты көлік зақымданды

ERNUR.KZ. Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақшаның шатыры жақын жерде тұрған алты көлікке опырылып түсті, деп жазады zakon.kz.

Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақша ғимаратының шатырының бір бөлігі опырылып, алтыға жуық көлік зақымданды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 28 желтоқсан күні кешке болған. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның салдары түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Көліктерді кім қалпына келтіретіні әзірше белгісіз.



"16-21 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан "Ясин" балабақшасының 40 шаршы метр аумақтағы шатыры жұлып әкетті. Салдарынан алты көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.