​Ақтауда жоғалған қыз Түркістаннан табылды

0
2 621

Азаматшаның ұялы телефон нөмірі тексерілді.


​Ақтауда жоғалған қыз Түркістаннан табылды

Осыдан 2 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістан қаласынан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырмызы Энепияева Түркістан қаласында танысының үйінде болған.

«МО ІІД криминальдық бөлім қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Азаматшаның ұялы телефон нөмірі тексерілді. Соңғы рет кіммен сөйлесті, қашан сөйлесті. Нәтижесінде Түркістан қаласына кеткені анықталды. Ол дін-аман», - деді департамент өкілдері.

Қырмызы Энепияева бұрын пойызда жолсерік болып қызмет еткен. Ол Түркістанға пойызбен кеткен. Қырмызының ешкімге ескертпей ол жаққа не үшін кеткені белгісіз.