Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр

0
738

Иелерінің малды өз бетімен жібергені ме, - дейді видео авторы.


Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында жылқылар қоқыс тастайтын контейнерлерден азық іздеп жүр, деп жазады ҚазАқпарат.

Рафаэль есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, бүгін, 22 тамыз күнгі таңнан бері ол жылқыларды 6-шы шағынауданнан көрген.

«Аш жануарлардың бұталардың жапырақтарын жеуі бір, қоқыс контейнерлерінен азық іздеу масқара ғой. Иелерінің малды өз бетімен жібергені ме?», - деді ол.