Ақтаудағы жағажайлардың бірінде жасөспірім суға батып кетті

0
487

Тағы екі адам құтқарылған.


Ақтаудағы жағажайлардың бірінде жасөспірім суға батып кетті

ERNUR.KZ. Приморский ауылының маңындағы жағажайда қайғылы оқиға орын алды. Тағы екі адам құтқарылды, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға жайлы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне куәгерлерден қоңырау келіп түскен.

Ақпарат төтенше жағдайлар жөніндегі басқару пультіне 2 маусымда сағат 17:13-те келіп түсті.

"Куәгерлер Приморский тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы, Солдат жағажайында 17 жастағы жасөспірім суға батып кеткенін хабарлады. Куәгерлер екі адамды құтқарып қалды. Қазіргі уақытта сүңгуірлер судың түбін шолуда", - дейді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.