Ақтөбе 2050 жылы мегаполиске айналуы мүмкін

0
226

​Қаланың бас жоспары таныстырылды.


Ақтөбе 2050 жылы мегаполиске айналуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қаланың 2050 жылға дейінгі бас жоспары кезеңі таныстырылды. Жобаны жасаушылар осы жылға қарай қала халық саны бір миллионға жетіп қалатын мегаполистер қатарына қосулы мүмкін деген пікірде, деп жазады inbusiness.kz.

Нақтырақ айтқанда, облыстық әкімдіктегі жиында батыс аймақтың ірі қаласының 2050 жылға арналған жоспарының бірінші және екінші кезеңдерінің таныстырылымы болып өтті. Онда Ақтөбе қаласы құрылысының осы кезеңге дейінгі негізгі бағыттары белгіленген.

Облыс орталығының алдағы 25 жылдағы даму барысын болжаған стратегиялық құжат бойынша 2050 жылы онда халық саны 950 мыңға жетіп, мегаполис қалаға айналуға тиіс.

"Біз Ақтөбенің аумақтық дамуын анықтауға мүмкіндік беретін барлық есептеулерді жасадық, тұрғындарды мобильділікпен қамтамасыз ету үшін көлік жүйесіне қатысты сұрақтарды әзірледік. Олардың қатарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы орта қалыптастыру сияқты маңызды деген сұрақтар бар",- дейді "Урбостиль" ЖШС директоры Любовь Нысанбаева.

Сондай-ақ, табиғаттық-климаттық жағдайды ескере отыра тұрғын үй алаптарын су тасқынынан қорғау тұжырымдамасы әзірленді. Атап айтқанда, жобалаушылар Ақтөбедегі үлкен айналма жолдың бойына қар мен еріген суды бөгейтін 260 метрлік жасыл белдеу жасауды ұсынуда.