Ақтөбе облысында 100-ге жуық ірі қара өртеніп кетті (видео)

0
630

​Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 100-ге жуық ірі қара өртеніп кетті.


Ақтөбе облысында 100-ге жуық ірі қара өртеніп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Оқиға бүгін аталған ауданның Көлденең Темір ауылында болған деп, жазады Экспресс К.

Ауылдағы "Шоман" шаруа қожалығының базасы отқа оранған. Хабар түскен бойда өрт сөндірушілер оқиға орнына жетеді. Алайда қызыл жалын бірден әл бермей, 600 шаршы метр жерді қамтып үлгерген. Жүзге жуық мал мен бірнеше техника жанып кеткен.



Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.