Ақтөбе облысында 5 медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болды

0
823

Қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді.


Ақтөбе облысында 5 медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында медбике мен төрт медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Ақтөбе облысы бойынша, өкінішке қарай, бізде бір медбике мен әртүрлі деңгейдегі төрт медициналық қызметкер қайтыс болды. Пневмониядан көз жұмған", - деді Оразалин брифингте.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді.

"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болу бойынша өтемақы төлеу мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін шешілетін болады", - деп түсіндірді ол.