Ақтөбе облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

0
32

Жыл басында өңірдегі құрылысы созылып кеткен нысандар мәселесі де қаралып, жұмысы кестеге сай аяқталмаған отыз бір нысанның жиырма екісі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланды.


Ақтөбе облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

Еліміздегі индустрия мен өндіріс ерекше дамған өңірлердің бірі Ақтөбе облысы. Соңғы жылдары мұнда барлық сала қарқынды дамып, әлеуметтік-экономикалық ахуал көтеріліп келеді.


Мәселен өткен жылы өңірдің негізгі капиталына 1,1 мрлнт теңге инвестиция салынып, бұл рекордтық көрсеткіш болып тіркелген. Олардың арасында шламды қайтара өңдеу, бұрғылау қондырғыларын шығару сынды маңызы зор жобалар бар. Сәйкесінше, облыста жеті жүзден аса тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал, жалпы төрт жылдық көлемінде құны төрт триллион теңгеден асатын елуден астам ауқымды жобаны жүзеге асыру көзделген.


Сонымен қатар, былтыр Ақтөбе облысында білім беру сапасын арттыру мақсатында алты білім ұясы ашылған. Ал, алдағы жылдары қырықтан аса жаңа білім мекемесі пайдалануға беріліп, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі жойылмақ.


Кез келген өңір үшін бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығы айрықша. Осыған орай, жыл бастала сала өңірдегі спортты ілгерілету ісі талқыға түсіп, саладағы көптеген мәселе көтерілген. Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда облыста спорттық нысандар жетіспейды екен. Осы ретте өткен жылы он бес спорттық нысан пайдалануға берілген болса, басым бөлігі ауылдарда салыныпты. Өз кезегінде облыс әкімі спорт саласына жауапты мамандарға қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Оған қоса, жалпы спорттық нысандарды сексен пайызы жөндеуді қажет ететінін айтып, аталған проблеманы шешу күш салу керектігін жеткізді.


Жыл басында өңірдегі құрылысы созылып кеткен нысандар мәселесі де қаралып, жұмысы кестеге сай аяқталмаған отыз бір нысанның жиырма екісі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланды. Оның ішінде білім, спорт, медицина нысандары мен баспаналар бар. Облыс әкімі бұл проблемаға қатысты өз ойын айтып, жұмысын дұрыс орындамаған мекемелерге барынша қатаң шаралар қолданылатынын нықтап жеткізді.


Шағын және орта бизнес саласына келер болсақ, былтыр өңірде 1600-ден астам бизнес-жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. Жалпы, аталған саланы қолдауға 14,2 миллиард теңге бағытталған. Нәтижесінде Ақтөбе облысы кәсіп бастаушыларға қолдау көрсету бойынша үздіктер қатарынан табылған. Бұл нәтижеге қол жеткізуге «Ауыл аманаты» бағдарламасы да әсер еткен екен. Одан бөлек, өткен жылы өңірде шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы бағдарлама бекітіліп, бір ғана хромтаудағы кәсіпкерлерге екі миллиард теңге қаржыны жеңілдетілген жолмен беру қарастырылған. Ал, жалпы облыс көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 84 мыңға жуықтаған екен. Бұл кәсіпорындарда өткен жылы 1,5 триллион теңгеден астам қаржының өнімі өндірілген. Қазіргі уақытта кәсіпті нысандарда 173 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр.


Енді «облыстағы бюджет қаржысы қайда жұмсалады?» деген сауалға жауап берсек. Облыстық қаржы басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі кіріс көлемі 193 миллиард теңгеге жуықтайды екен. Сондай-ақ, әкімшілік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қырыққа жуық жобаға алты жарым млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде білім саласындағы жиырма бір жобаға 3,5 миллиард теңге қаралса, медицина саласындағы жеті жобаға 920 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Айта кетерлігі ол жобалардың басым бөлігі жаңа болса, бесеуі өтпелі. Қазіргі таңда жартысына жуыбойынша конкурс өткізіліп жатса, оннан астамына түзету енгізілуде.


Былтыр өңірдегі жолдардың сапасын арттыруға 53,5 миллиард теңге бөлініп, 450 шақырымнан астам жол мен жүзден астам көше жөнделген екен. Соның арқасында өңірдегі жолдардың төрттен үші жақсарыпты. Ал биыл сол көрсеткішті көрсеткішті 80 пайыздан асыру үшін 48,1 млрд теңге қаралып, 440 шақырымнан аса жолды жөндеу жоспарланып отыр.


Қазіргі уақытта ел көлемінде қолға алынған «Жайлы мектеп» бағдарламасы бөлек бір тақырып болып отыр. Осы орайда өңірде жалпы құны тоқсан миллиард теңгеден асатын он сегіз мектеп салу көзделген. Оның он төрті биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Қалған төрт мектеп бойынша инфрақұрылым тарту, жер телімін бөлу сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.


Сонымен қатар, биыл өңірде жиырмадан астам медициналық нысанның құрылысы басталмақ. Оның он үшін медициналық бекет болса, 4-і дәрігерлік амулатория, қалғаны фельдшерлік-акушерлік бекет. Аталған нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында бой көтермек. Ал, келер жылы үш бірдей көпфункционалды аудандық емхана салынатын болады.


Өткен жылы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірде құны 7,7 миллиард теңгені құрайтын 1667 бизнес-жобаға жеңілдетілген несие берілген. Оның ішінде биыл қаңтарда елуден аса жобаға 250 миллион теңге, ақпанда сексеннен аса жобаға 520 миллион теңгеге жуық қаржы қаралыпты. Осылайша құс шаруашылығы бойынша 569, мал шаруашылығы бойынша 43, өсімдік шаруашылығы бойынша 231 жоба қаржыландырылған. Өзге де жеке кәсіп түрдері бойынша сегіз жүзден аса жобаға 4,1 миллиард теңге көлемінде 2,5 пайыздық несие берілген.


Өткен айда Ақтөбе автопаркі үш бағытта қатынайтын жаңа қоғамдық көліктермен толықты. 80 жолаушы сыйатын отыз автобус климаттық бақылау жүйесімен және мүгедектерге арналған пандуспен жабдықталған. Мамандардың айтуынша, автопарк өз көліктерін кезең-кезеңімен жаңартпақ. Күзде тағы елі автобуспен толығады екен.Ол үшін жалпы 3,5 миллиард теңге қарастырған. Қазіргі таңда бұл автопарк 125 қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуде.


Биыл өңірдегі отыздан аса ауылда елуге жуық жоба үзеге асырылмақ. Бұл жұмыстар үшін 6,6 миллиард теңге қаржы бағытталған. Нәтижесінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 23 нысан бой көтеріп, жиырмаға жуық жол жөнделіп, бес инженерлік желі жаңғыртылады. Ал, бұған дейін аталмыш бағдарлама бойынша 28 миллиард теңгеден астам қаржыға екі жүзге тарта жоба іске асырылып, үш мыңнан астам жұмыс орны ашылған екен.


Сонымен бірге, 2024 жылы облыс орталығындағы 117 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші жүз пайызға жеткізілмек. Қалада мыңнан астам көше бар екен. Ал, облысқа қарасты 320 елдімекендегі үш жарым мыңнан астам көшенің 82 пайызы жарықпен қамтылған. Былтыр 191 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілсе, биыл 330-дан аса көшеге жарық жүргізілмек.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ