Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 11 көлік соқтығысты

0
448

Ақтөбеде боранды күні ірі жол апаты болды.


Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 11 көлік соқтығысты

ERNUR.KZ. Самара-Шымкент тас жолының бойында 11 автокөлік өзара соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz.

Зардап шеккендер жоқ. Алай-дүлей бораннан тас жолда түк көрінбейді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, маневр жасау ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

"Болжам бойынша боран салдарынан жол мүлде көрінбей қалған. Зардап шеккендер жоқ, алайда көліктер бүлінді. Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы барлық автожолдар жабық.