Ақтөбе облысында қоқыстан шақалақтың денесі табылды

0
1 002

Қазіргі таңда нәрестенің анасы іздестірілуде.


Ақтөбе облысында қоқыстан шақалақтың денесі табылды

ERNUR.KZ. Шақалақтың денесі 23 қазанда Ақтөбе облысы Бадамша ауылы маңындағы қоқыс полигонындағы қара полиэтилен пакеттен шықты, деп жазады zakon.kz.

23 қазанда Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы "Рождество - Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы -"Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.