Ақтөбе облысында медбикенің басына аурухана төбесі құлап кетті

0
369

Ведомствоның айтуынша, мейірбике мемлекеттік емес, жеке клиникада емделуді жөн көріпті.


Ақтөбе облысында медбикенің басына аурухана төбесі құлап кетті
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Қарғалы қалалық ауруханасының төбесі медбикенің басына құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.


"16-кабинетте гипсокартон сынықтары бар сылақ құлады. Қызметкер жұмыста өндірістік жарақат алды. Оған арнайы медициналық көмек көрсетілді. Нейрохирург қарап, ауруханаға жату қажеттігін айтты, науқас бас тартты. Оған біздің ауруханаға жатуды ұсынды, бірақ ол жеке клиникада емделіп жүр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның айтуынша, мейірбике мемлекеттік емес, жеке клиникада емделуді жөн көріпті. Оған жарақат алып, емделген күндерге толық мөлшерде жалақы төленген. Дәрі-дәрмек шығыны өтелген.
Қарғалы қалалық ауруханасының әкімшілігі болған жағдайға өкініп, қызметкердің барлық моральдық және материалдық шығыны өтелетінін мәлімдеді.