Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті

0
1 253

"Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалған


Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Өзбекстан Республикасы азаматтары отырған автобус аударылып кетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны бойынша ақпарат келіп түсті.


Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан.

Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.

"Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.