Ақтөбе облысында сиыр екі басты бұзау туды

0
405

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы екі басты бұзауды осы ауданның тумасы Нұрболат Туысбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.


Ақтөбе облысында сиыр екі басты бұзау туды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында сиыр екі басты бұзау туды деп жазады ҚазАқпарат.


Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы екі басты бұзауды осы ауданның тумасы Нұрболат Туысбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

"Балалық шағым өткен ауылда екі басты бұзау дүниеге келіпті. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозы. Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?", - деді Нұрболат Туысбайұлы.

Нұра ауылындағы бұзау иесі қандай да бір ақпарат беруге қарсылық танытқан. Ал мал дәрігері бауыздап тастауға кеңес берген.

"Бұл 2-3 күндікте болды. Сиыр 10 наурыз күні түнде туған. Мал иесі оны 11 наурыз күні таңда көрді. Сиырдың оны қалай туғаны бәрімізге түсініксіз болып тұр. Иесі сол күні маған мессенджер арқылы жіберіп, жағдайды хабарлады. Өзім сол кезде ауданда жиында едім. Бауыздап тастауға кеңес бердім. Өйткені бұзау басын көтере алмаған. Бұзауды бауыздаған соң көміп тастады. Зерттеудің қажеті жоқ", - дейді Нұра ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі Әмір Өтеген.